Қызылордада полиция қызметкерлері ардагерлерді құттықтады

412

0

Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Сыр өңірінің тәртіп сақшылары 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелеу қарсаңында ардагер полицейлерді құттықтады.

Мереке қарсаңында полиция ведомствосының өкілдері және департаменттің Ардагер кеңес мүшелері Пак Леонид, Богданова Галина ардагерлерге барып қайтты.

Мерекеге орай ішкі істер саласында қызмет етіп, құрметті зейнеткерлік демалысына шыққан ардагерлердің үйіне арнайы барып, мейрамдарымен құттықтап, азық-түліктер жеткізді.

Осындай беделді ардагерлер иықтарына погон тағып, құқық қорғау қызметінің ыстығына күйіп, суығына тоңған білікті мамандар саналы ғұмырын ішкі істер саласына арнаған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<