Қызылордада пышақ жарақатынан бір адам мерт болды

487

0

Фото: Freepik

Қызылорда қаласында пышақ жарақатынан бір адам көз жұмды. Оқиға бүгін, 2 маусымда Қызылорда қаласында болған.

Екі адам арасындағы жанжал туындаған. Жанжал барысында бір адам пышақ жарақатын алып, қайтыс болған. Бұл оқиғаны облыстық полиция департаменті растап, төмендегіше түсініктеме берді.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп мәлім етті департаменттен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада болған атыстан бір адам жараланған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<