Фото: Kazinform
Қызылордада қала ортасында тапаншамен жүрген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Kazinform.
«Құқықтық тәртіп» жедел шарасы барысында 21 қарашада Қызылорда қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері аулаларды аралап, құқықтық тәртіптің сақталуына назар аударды.
«Аралау барысында қала тұрғынының шалбарынан қара түсті тапаншаға ұқсас зат алынған. Ұсталған азамат Қызылорда қаласының 19 жастағы тұрғыны екені анықталды. Баллистикалық сараптама тағайындалды. Полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізуде», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция дпартаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жалған ақшамен сауда жасаған тұрғын бас бостандығынан айырылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<