Қызылордада қалалық орталық емханадан өрт шықты

538

0

Фото: ТЖМ

Қызылорда қаласында қалалық орталық емханадан өрт шықты.

Төтенше жағдайлар қызметіне 30 маусымда 2.20-да З.Шүкіров көшесі бойында орналасқан қалалық орталық емхананың 2-ші қабатынан өрт шығуда деген шақырту түсті. 

«Өртке қарсы қызметінен оны сөндіруге 26 қызметкер жұмылдырылды. Барлау жұмысы нәтижесінде орталық емхананың 2-ші қабатындағы бөлме ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт 2.43-те толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер жоқ», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 1500 пресс шөп жанып кетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<