Қызылордада қаржы пирамидасын құрған азаматша 5 жылға сотталды

338

0

Фото: pixabay.com

Қызылордада қаржы пирамидасын құрған азаматша 5 жылға сотталды. 

Қызылордалық 34 жастағы әйел тұтыну кооперативін құрып, азаматтарға пайызсыз баспана және автокөлік алуға шақырып, салымшылардан ақша жинаған. Нәтижесінде 11 салымшы 17,6 миллион теңгесінен айырылған. 

«Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабымен (қаржылық пирамиданы құру) кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен қатар, бес жылға бас бостандығынан айырды. Жәбіршіленушілерге келтірілген шығын өтелді», – деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында «Қарасора-2024» кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы барысында 207 есірткі құқық бұзушылығы анықталды.

Есірткісі бар өсімдіктерді өсіру деректерін анықтауға, жасырын егістіктер және плантацияларды жоюға бағытталған іс-шара барысында 207 есірткі құқық бұзушылығы анықталған. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<