Қызылордада қатты желден мектеп шатыры ұшып кетті

678

0

Қызылорда облысы Жалағаш кентінде қатты желдің әсерінен №201 мектеп-лицейдің шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 27 қарашада күні сағат 21:00 шамасында аудан орталығы Жалағаш кентіндегі М.Шәменов көшесінде орналасқан Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейде болды. Қатты желдің әсерінен мектептің шатыры құлаған.

– Қазіргі таңда аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Бұл бағытта шұғыл шаралар қабылдануда. Адам шығыны жоқ. Нысанның барлық аумағына кезекшілік қойылып, бақылауға алынды. Сондай-ақ, аудан әкімдігі тарапынан барлық әлеуметтік нысанға кезекшілік қойылған, – деп мәлім етті аудан әкімдігінен.

Ведомство мәліметінше, 28-30 қараша аралығында мектептегі сабақ тоқтатылған.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы – Өскемен бағытындағы кейбір жол бөліктері жабылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<