Қызылордада ҚАЖД бастығы суға батқан баланы құтқарып қалды

524

0

Фото: Қызылорда облыстық ПД

Қызылорда облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы бассейнде суға батқан баланы құтқарып қалды.

Облыстық ҚАЖД бастығы Шаймерден Есенкелдиев демалыс орнына отбасымен барған. Қайтуға жиналып жатқанда сол аумақта әйел кісінің бассейннен шыға алмай қалған баланы құтқаруды сұраған айқайлаған дауысын естиді. Ол бірден суға секіріп, баланы сыртқа аман алып шыққан.

«Бар ойым бассейннен баланы аман-есен алып шығу болды. Құтқарылған бала демала алмай жатты. Жедел жәрдем келем дегенше жасанды тыныс алу жаттығуын жасап, алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Содан соң есін жиған жасөспірімді жедел жәрдем қызметкерлері облыстық балалар ауруханасына алып кетті. Аталған әрекетімді ерлік деп санамаймын. Өзім де әкемін, 8 балам бар. Бұл баланы тоғызыншы балам деп есептеймін», – дейді Ш. Есенкелдиев.

Ш. Есенкелдиев 2020 жылдың сәуірінен бері Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығы қызметін атқарып келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<