Қызылордада Қонысбек Қазантаевтың 100 жылдығына орай көрме ашылды

657

0

Бүгін Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде көрнекті қоғам қайраткері Қонысбек Төрешұлы Қазантаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қыран тағдырлы тау мүсін» атты көрменің ашылуы өтті.

Көрменің ашылуында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев сөз сөйлеп, Қонысбек Қазантаевтың өмірі мен еңбек жолына тоқтала отырып, елдің еңсесін тіктеу үшін аянбай тер төгіп, өзі де еңсесі биік қайраткерге, ел-жұрт үлгі тұтар тұлғаға айналғандығын айтты. Сондай-ақ, шарада сөз алған ардагер, қоғам қайраткері Биғали Қаюпов Қонысбек Төрешұлының аймақтың дамуы жолында басшылық қызмет атқара жүріп,елдің мүддесін бәрінен биік қойып, тазалықты, адалдықты, әділдікті ту етіп, бірнеше ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына атсалысқандығын атап өтті.

Қызылордада Қонысбек Қазантаевтың 100 жылдығына орай көрме ашылды

Шара соңында қатысушылар қайраткердің өмірі мен еңбек жолын баяндайтын «Қыран тағдырлы тау мүсін» атты көрмемен танысты.

Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<