Қызылордада «Қорғау» жол қозғалысын бақылау жүйесі пилоттық режимде іске қосылды

368

0

Сурет ашық дереккөзден

Қызылордада «Қорғау» жол қозғалысын бақылау жүйесі пилоттық режимде іске қосылды. Аталған жүйенің көмегімен жолда орын алатын құқық бұзушылықтардың саны азаймақ.

Жалпы, «Қорғау» жол қозғалысын бақылау жүйесі автомобиль жолдарында тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін автоматтандыру мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін тану және жол қозғалыс ережелерін бұзушылықтарын тіркеу автоматтандырылған құрылғыларынан өткен көлік құралдары туралы ақпаратты қабылдау, өңдеу арқылы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды ұйымдастыруға арналған бағдарлама.

Жол ережесін бұзған, жалған мемлекеттік номермен жүрген көліктер, айыппұл мен салық төлемеген жүргізушілер, іздеуде жүрген автокөліктер сол жерде белгілі болып, бірден айып тұрағына жіберіледі. Бұл ретте, «Қорғау» жүйесі полицейлерге заңбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Жүйе іске қосылғалы мәліметі анықталмай өндіріске қабылданбаған 14 шетел автокөлігі анықталып, оларға қатысты 689 мың 500 теңге айыппұлдары жүйеге енгізіліп, өндірілді. Оның ішінде, 10 автокөлікке ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес айыппұлдары төленбегені үшін айып алаңына қойылса, 4 автокөлікке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының талаптарына сәйкес тиісті әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер айып алаңына қойылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<