Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фестивалі өтуде

671

0

Бүгін Қызылордада түркітілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінің ашылу рәсімі өтті. Дәстүрлі іс-шараға Түркия, Тыва, Саха, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен және Қазақстаннан 200-ге жуық өнерпаз келді. Биылғы фестиваль Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл толуына орайластырылған.

Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фестивалі өтуде
Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фестивалі өтуде
Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фестивалі өтуде
Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фестивалі өтуде

Салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев фестивальге қатысушыларды құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінде: «Біз Түркі әлемінің атажұрты ретінде өздеріңізбен жан-жақты қарым-қатынасты дамытуға айрықша мән береміз. Сондықтан, ықпалдастығымызды одан әрі нығайтуға және оны жаңа белеске көтеруге мүдделіміз» деген болатын. Осы мүдде жолында қасиетті Сыр топырағында дәстүрлі түрде өтетін «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фестивалінің ролі мен маңызын зор мақтанышпен айта аламыз. Туысқан халықтардың фольклорлық музыкасын дәріптеу, өзара мәдени байланысын нығайту мақсатында өткізілетін фестиваль арқылы қатысушылар бір-бірінің кешеден бүгінге жеткен мәдени қазынасының сырына қанығып, рухани кеңістігін кеңейтеді. Фестиваль өткізілген жылдар ішінде Қорқыт баба мұралары Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы UNESCO-ның ғаламдық материалдық емес мұралар тізіміне енгізілді. Бұл – Қорқыттан қалған ұлы өнердің, Ұлы дала сазының мәңгілік өмірінің айқын дәлелі», – деді аймақ басшысы.

Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фестивалі өтуде
Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фестивалі өтуде
Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фестивалі өтуде
Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фестивалі өтуде

Жиналған қауымды фестивальдің құрметті қонағы, «ТҮРКСОЙ» ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев та құттықтады.

Мерекелік кеште түркітілдес елдерден келген дәстүрлі өнер жұлдыздары көрерменді әсем ән, сазды әуенмен сүйсінтті.

Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фестивалі өтуде

Айта кетейік, іс-шара қонақтары Қызылорда қаласының көрікті жерлерімен және облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тұран таңбалары» этно-археологиялық көрмесімен танысып, жоғарғы және арнаулы оқу орындарында шеберлік дәрістерін өткізді. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Түркі әлемінің бірлігі» атты кітап көрмесін тамашалады. Ертең қатысушылар Қармақшы ауданында өтетін «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінің гала-концертіне қатысады.

Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фестивалі өтуде

Бүгінде Сыр өңірінде мәдениет және өнер саласына, онда еңбек ететін қызметкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, биыл араға 10 жыл салып, өнер және әдебиет өкілдеріне арнайы «Тұран» сыйлығы табысталды. Енді бұл дәстүр жыл сайын жалғасын табады. Биылдан бері облыстың мәдениет саласында жұмыс істейтін 10 маман шетелдердегі үздік өнер орталықтарында біліктілігін арттыра бастады. Мүмкіндігі шектеулі өнерпаздардың шығармашылығын шыңдауға арналған Инклюзивті театр іске қосылды. Бұған дейін Қызылорда қаласы әкімдігі жанында үйірме ретінде жұмыс жасап келген «Жастар театры» өз алдына кәсіби ұжым болып қайта құрылды.

Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фестивалі өтуде

Археолог ғалымдар ұсынысымен «Шірік Рабат Алтын адамы» және Алтын Орда кезеңіндегі Ұлы дала көшпенділерінің өркениетін паш ететін «Сығанақ ханшайымының» алтындатқан мүсіндері қараша айында облыстық музейге табысталмақ. Алтын жәдігерлер Сыр өңірінің басты брендіне айналады.

Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фестивалі өтуде

Мерейтой аясында Қызылорда облысы туралы 12 сериялы имидждік телесериал көрерменге ұсынылмақ. Жыл соңында еліміздің бас қаласы – Астанада Қызылорда облысының өнер күндерін өткізу жоспарлануда.

Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фестивалі өтуде

2014 жылы толық жаңғыртылған Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата ескерткіш кешені бюджеттен тыс көздердің қаржысымен қайта жөнделді. Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш саналатын Хорасан ата кесенесінің айналасын абаттандыру, жарықтандыру, қоршау жұмыстары басталды. Сыр өңіріндегі қасиетті орындар – Марал баба, Оқшы ата кесенелері де қайта жаңғыртылып, айналасы абаттандырылды, кесенеге баратын жолдарды салу қолға алынды. Облыс орталығында құны 3,7 млрд теңге болатын 1000 орындық «Өнер орталығы» биыл ел игілігіне пайдалануға беріледі. Сонымен қатар классикалық музыканы дамыту үшін тұңғыш рет облыстық симфония оркестрі құрылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<