Сурет ашық дереккөзден
Қызылордада қураған шөптің өртенуі салдарынан қаланың бірқатар бөлігін түтін басып қалды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сағат 14.50-де хабарлама келіп түсті.
«Онда Наурыз саяжайы тұсындағы Шіркейлі каналының жиегінде қураған шөптің жанып жатқаны жөнінде айтылған. Қазіргі таңда оқиға басында мамандар 4 техникамен өртті сөндіруге күш салып жатыр. Сондай-ақ, оқиға орнында орман шаруашылығы саласының мамандары бар», – деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Айта кету керек, елді мекенге ешқандай қауіп жоқ. Тек қатты желден өртті ауыздықтау шамалы уақыт алады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<