Қызылордада қышыма жұқтыру былтырғыдан 3 есеге артты

826

0

Сурет ашық дереккөз

Қызылорда облысында жыл басынан бері қышыманың 21 дерегі тіркелді. Бұл өткен жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 3 есеге артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы бойынша қышыма ауруының эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыз. Жыл басынан бері қышыманың 21 дерегі тіркелді.

«Бұл өткен жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда 3 есеге артық. Атап айтқанда, 14 жасқа дейінгі балалар арасында қышымамен сырқаттанушылық көрсеткіші жоғары. Барлық тіркелген аурудың 57%-ы сол жастағылар үлесінде. Жұқпалы тері ауруының қоздырғышы – қышыма кенесі. Қышыма кенесі адамның терісіне еніп, сол жерге жұмыртқалай алатын микроскопиялық паразит», – деп мәлім етті Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын қызылордалық маман «Көкала» кеселі кенеден келетінін айтып өткен еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<