Қызылордада қызметтік иттер 83 қылмыстың ашылуына көмектесті

38

0

Фото: Полиция департаменті

Қызылорда облысы Полиция департаменті Кинология орталығының қызметтік-іздестіру иттері жыл басынан бері 83 қылмыстың ашылуына ықпал етті. Бұл туралы департаменттің кинолог мамандары хабарлады.

Мамандардың айтуынша, орталықта қазіргі таңда 19 қызметтік ит бар. Олардың басым бөлігі есірткі мен жарылғыш заттарды іздестіру, із кесу және одорологиялық сәйкестендіру бағыттары бойынша қызмет атқарады.

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес барысында қызметтік иттер 565 рет қолданылып, нәтижесінде 36 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 1 келіден астам есірткі заттары тәркіленді.

Сонымен қатар, қызметтік иттер қалааралық автобустар паркі, әуежай, пошта және автовокзал нысандарын тексеру кезінде де тұрақты түрде пайдаланылады. Департаменттің кинолог мамандары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кинологиялық орталығында арнайы даярлықтан өткен.