Қызылордада қызметтік иттердің көмегімен жыл басынан бері 46 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың 1 маусымы – 30 қазан аралығында республика көлемінде өтіп жатқан “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша облыс орталығына және басқа облыстармен шекаралас Арал және Жаңақорған аудандарына бекеттер қойылып, екі ауысыммен есірткі затын анықтау мақсатында жұмыстар атқарылып жатыр. Аталған бекеттерде кинолог мамандар өздеріне бекітілген қызметтік іздестіру иттерімен бірлесіп, есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында қызмет атқарады.
Бүгінгі күні бекеттерде қызметтік іздестіру иттерін қолдану арқылы есірткінің заңсыз айналымына қатысты 22 қылмыс анықталып, айналымнан 26 келі 458,34 грамм марихуана тәркіленді. 9 қыркүйек Шымкент – Самара тасжолының бойындағы Арал бекетінде Атырау облысы тұрғынының басқаруындағы Toyota Ipsum автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында көлік ішіндегі жолаушыларға тиесілі сөмкеден сараптама қортындысына сәйкес салмағы 25 келі 187,41 грамм кептірілмеген марихуана алынған. Сонымен қатар 27 қыркүйекте Қызылорда – Түркістан тасжолының бойындағы Белкөл бекетінде Қызылорда қаласы тұрғынының басқаруындағы Chevrolet Cobalt автокөлігі тоқтатылып, қызметтік іздестіру итін қолданып тексеру барысында сөмкеден сараптама қортындысына сәйкес салмағы 1033,45 грамм болатын кептірілген марихуана табылды. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Жалпы жыл басынан бері қызметтік іздестіру иттерін қолдану арқылы 46 қылмыс ашылды. Олар негізінен ұрлық және есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстар.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<