Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында еліміздің барлық аймағында жиналған белсенді жастар «Сыр елі – достық мекені» форумында бас қосты. Қатысушылар құтты шаңырақ саналатын Достық үйіне барып, этномәдени бірлестіктердің төрағалары ұсынған ұлттық дәмнен ауыз тиіп үлкендердің ақ батасын алды.
Форумның ашылуы салтанатына Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов Мұхамедәліұлы қатысып, 2 күнге жоспарланған форум жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кету керек, форум аясында түрлі тақырыптар мазмұнды секциялық жұмыстар өтеді және жастар маңызды тақырыптарды талқылайды, – деп күтілуде.
Бірлік пен достықты нығайтуға бағытталған мұндай кездесулер еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<