Бүгін елімізде республикалық референдум өтіп жатыр. Осыған байланысты Қызылорда облысында дауыс беру рәсімі басталды.
Вахталық әдіспен жұмыс істейтін мекемелер мен әскери бөлімшелердегі 6 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 06:00-де басталды. Оның 5-і кен орындарында, 1-еуі әскери бөлімде орналасқан. Бұл учаскелерде барлығы 6528 азамат дауыс беруге құқылы.
Маңызды саяси науқанда «Құмкөл» кенішіндегі ауысыммен еңбек етіп жүрген азаматтар таңсәріден келіп, өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Мұнайшылар азаматтық белсенділік танытып, референдумға белсене қатысуда.
Жалпы Қызылорда облысы бойынша бүгін 378 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Онда 2642 комиссия мүшесі қызмет атқаруда.
Аймақ тұрғындары кешкі сағат 20:00-ге дейін өздерінің тіркелген учаскелеріне барып, дауыс бере алады.





