Қызылордада шенеуніктер 25 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды

421

0

Инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, жымқыру дерегі бойынша облыстық ауылшаруашылық басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА мәліметінше, мемлекеттік қызметшілер бірнеше шаруа қожалықтарында ешқандай жұмыс атқарылмай, жабдықтар қойылмай, жұмыстың толық орындалғаны туралы жалған құжат әзірлеген және ақпаратты Qoldau.kz жүйесіне енгізіп, субсидия беру туралы өтінімге электрон қол қойған. Осылайша, 25 миллион теңгеге жуық мемлекет қаражатын ұрлап, жымқырған. Өз кезегінде кәсіпкер тұлғалар келісімшарт сомасының 10 пайыз көлемінде сыйақы үшін жалған құжат әзірлеп, қаржы жымқырған.

«Сот шешімі бойынша, Облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы мен бас маманы кінәлі деп танылып, мемлекеттік ұйымдарда материалдық немесе қаржы аударымына негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы жүктелетін лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасын алды», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<