Қызылордада «синтетика» таратушы 10 жылға сотталды

1802

0

Фото: Полиция департаменті

Сот синтетикалық есірткі затын таратқан 20 жастағы қызылордалыққа үкім шығарды. Күдіктіні ағымдағы жылдың ақпан айында облыс орталығындағы мөлтек аудандардың бірінде қызылордалық полицейлер құрықтады.

Жүргізілген жедел шаралар барысында одан 10,53 гр психотроптық заттар алынған, бұл үлкен мөлшердегі синтетикалық препараттарға жатады.

Ұсталған жас жігіттің айтуы бойынша, ол мобильді қосымша арқылы тапсырыс қабылдап, синтетиканы қала ішіндегі белгілі бір жасырын жерлерге салып отырған.

Сотта айыпталушы өзінің кінәсін мойындады. Ол кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<