Қызылордада сот фитнес-клубтан зардап шеккен әйелге 1 миллион теңге өндіріп берді

202

0

Фото: Мұхтар Холдорбеков / Kazinform

Қызылорда қалалық соты фитнес-клубтан зардап шеккен әйелдің пайдасына 1 миллион теңгеден астам өтемақы өндіріп берді.

Қызылорда қалалық сотына 54 жастағы әйел фитнес-клубтан келтірген материалдық шығын мен моральдық зиянды өндіру туралы талап қоюмен жүгінді. Онда фитнес-клубта жүрген кезде еденнің ылғал болуы салдарынан суға арналған құрылғының жанына құлап кеткені айтылған. Салдарынан әйел дене жарақатын алған. Содан кейін жағдайы нашарлап, жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған.

«Алған жарақатына байланысты ол ұзақ уақыт емделуге мәжбүр болған. Жұмысқа бара алмау салдарынан емделуге қаражаты болмаған. Денсаулығы әлі күнге дейін түзелмеген. Талап қоюшы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия ғылыми орталығында ем алған. Оның фитнес-клубта жарақат алғандығы медициналық мекеменің қоңырауларды тіркеу журналындағы жазбалар және басқа құжаттармен дәлелденген. Сот фитнес-клуб тарапынан тұтынушының денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қажетті шаралар қабылданбаған деген тұжырымға келді. Осыған байланысты талап қоюшының талабы қанағаттандырылды. Фитнес-клубтан әйелдің пайдасына 1 миллион теңгеден астам материалдық шығын мен моральдық зиян өндірілді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық сотынан.

Ведомство мәліметінше, оған фитнес-клуб келіспей, облыстық сотқа шағым келтірген болатын. Істің мән-жайын зерттеген сот алқасы бірінші саты сотының шешімін өзгеріссіз, апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдырды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада пирамида құрып, 26 млн теңгені қалтасына басқан әйел сотталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<