Қызылордада «Тағам атауларының сөздігі» жарыққа шықты

517

0

Фото: Тілдерді оқыту орталығы

Қызылорда облыстық тілдерді дамыту орталығының қолдауымен «Тағам атауларының сөздігі» жарыққа шықты.

Оны дайындауға орталық жанынан құрылған ғылыми кеңес төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты Алдажар Әбілов пен мен Кеңес мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов қатысты. Осылайша оқырмандар тағам атауларының сөздігінің қазақша-орысша және орысша-қазақша нұсқасын пайдалана алады.

Аталған сөздік аясында кеңес мүшелері қоғамдық тамақтану орындарындағы тағам атауларын қазақшалау мақсатында 2052 тағам атауын республикалық терминология комиссиясына ұсынды. Сол ұсыныс негізіндегі қазақша тағам атауларының 271 сөздігі ресми түрде бекітіліп, www.termincom.kz сайтына жарияланды.

Осы сөздіктің жарыққа шығуына Кеңес төрағасы А.Әбілов пен мүшесі А.Абасилов жалпы редакциялық басқаруда үлкен еңбек сіңірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<