Қызылордада «Теннис орталығы» құрылды

736

0

Сыр спортында ақжолтай жаңалық! Аймақта мемлекет басшысының тікелей бақылауындағы бұқаралық спортты дамытуға қатысты бастамаларды жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен ҚР Теннис Федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың қолдауымен Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы жанынан «Теннис орталығы» арнайы дербес мекеме болып құрылды.

Қазіргі таңда орталықта 104 бала тенниспен тегін шұғылданып, халықаралық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Алдағы уақытты мекеме ауқымын кеңейтіп, онда қосымша үстел теннисі мен бадминтон спорт түрлерінен бөлімшелер ашылып, жұмыс жасайтын болады.

Сәйкесінше, туған жерге деген үлкен махаббат пен қолдаудың нәтижесінде негізі қаланған теннис мектебі қосымша жаттықтырушы-оқытушылар штаттармен, спортшылардың жарыстарға қатысу шығындарымен қамтамасыз етіледі.

Айта кету керек, өңірімізде негізгі спорт түрлерін дамыту мақсатында бірнеше жылға кешенді жоспар дайындалған. Соған сәйкес, тұрғындар сұранысындағы әрбір спорт түрлерін демеу мақсатында кезең-кезеңімен нәтижелі жұмыстар жүргізіліп, қолдаулар жалғасатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<