6 сәуір – Тергеу қызметі күніне орай Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы сондай-ақ құқық қорғау, арнайы органдар мен күштік құрылым қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өткізілді.
Салауатты өмір салтын дәріптеуді мақсат еткен спорттық додаға 15 команда қатысып, алаңда жоғары дайындық пен командалық үйлесімділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Жарыс тартысты әрі қызықты өтіп, әрбір ойын жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлады.
Турнирдің ашылу рәсімінде Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Тоқтыбаев Серік Әбдімәуленұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол мұндай іс-шаралардың қызметкерлер арасындағы бірлік пен серіктестікті нығайтудағы маңызын атап өтті.
Тартысты турнирдің қорытындысы бойынша Қармақшы ауданы Полиция бөлімінің командасы үшінші орынды иеленіп, Көліктегі Полиция бөлімі екінші орынға тұрақтады, ал Қызылорда облысы Полиция департаментінің құрама командасы жүлделі бірінші орынды иеленді.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер құттықталып, оларға арнайы марапаттар табысталды.
Аталған турнир қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай командалық рухты күшейтіп, өзара ынтымақтастықты арттыруға ықпал етті.






