Қызылордада толассыз жауыннан қала көшелерін су басып қалды

419

0

Фото: Қызылорда әкімдігі

Қызылордада кешеден бері толассыз жауған жауыннан қала көшелерін су басып қалды. Облыс орталығында екі күннен бері нөсер жауын жауып тұр, деп хабарлады Қазақпарат.

Салдарынан қаладағы кейбір көшелерді су басып, бүкіл коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Қызылордада толассыз жауыннан қала көшелерін су басып қалды

Бұл жөнінде Қызылорда қаласының әкімдігі төмендегіше түсінік берді.

«Екі күннен бері тоқтаусыз жауған жаңбырдың суын тарту шаралары жүргізіліп жатыр. Аялдама, көше бойы, аулаларға арнайы техникалар жіберілді. Жиналып қалған жаңбыр суы алынуда», – деп мәлім етті әкімдіктен.

Ал Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі 1 су тарту мотопомпасын пайдаланып, 5 қызметкер көшеде жиналған жаңбыр суынан тазарту жұмысына жұмылдырылған.

Қызылордада толассыз жауыннан қала көшелерін су басып қалды

Нәтижесінде Назарбаев пен Әбдірайымов көшесінің қиылысында толассыз жауын салдарынан жиналған 40 текше метр су тартылған.

«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Айгерім Жөкелованың айтуынша, жаңбыр бүгін кешке дейін созылады.

Қызылордада толассыз жауыннан қала көшелерін су басып қалды

Бүгіннен бастап күн қабағы ашылады. Еске салсақ, бұдан бұрын Түркістан облысында қатты нөсерден екі көпірді су шайып кеткен еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<