Қызылордада түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген 10 жасөспірім анықталды

703

0

Қызылорда полицейлері түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген 10 жасөспірімнің ата-анасына хаттама толтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болатын және тұрғынжайдан тыс жерлерде болған жасөспірімдерді анықтау мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған жедел топпен бірге рейд жүргізді.

Түнгі рейд барысында ата-ананың еріп жүруінсіз мекенжайдан тыс жерде жүрген кәмелетке толмаған 10 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-6абының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. – Әрбір ата-ананың назарына, кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеміз. Сондықтан ата-аналар өз балаңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз, – деп еске салды Қызылорда облысының полицейлері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<