Қызылордада «Түркі әлемінің бірлігі» атты кітап көрмесі өтті

221

0

Бүгін «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі аясында «Түркі әлемінің бірлігі» тақырыбында кітап көрмесі өтті.

Шарада облыс әкімі аппаратының басшысы Ш.Байманов құттықтау сөз сөйлеп, «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, өнер фестиваліне қатысушыларға сәттілік тіледі. Түркі мәдениеті мен өнерін дамыту және оның әсемдігі мен ғибратын әлемге танытудағы «ТҮРКСОЙ» ұйымының ерен еңбегін атап өтті.

Өз кезегінде «ТҮРКСОЙ» ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев бірнеше жыл өткізілмей қалған өнер фестивалінің қайта жандануына мұрындық болған облыс басшылығына ризашылығын білдіріп, бірқатар жерлестерімізді ұйымның 30 жылдық мерекелік және «ТҮРКСОЙ» медалімен марапаттады.

Қызылордада «Түркі әлемінің бірлігі» атты кітап көрмесі өтті

Кітап көрмесінің мақсаты түркі әлемінің бірлігі, теңдігі және бауырластығы идеясын насихаттау.

Көрме «Түркі өркениетінің тарихы», «Түркі халықтарының мәдени ықпалдастығы», «Қазіргі әлем және түркітілдес мемлекеттер» атты бөлімдерден құралып, ортақ мәдени құндылықтар туралы кітапхана қорындағы басылымдар қонақтардың назарына ұсынылды.

Биыл «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі алтыншы рет жүзеге асуда.

Фестивальге Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Саха, Тыва елдерінен және Қазақстаннан барлығы 200-ге жуық өнерпаздар қатысуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<