Қызылордада түрмеге 200 дана трамадол алып кірмек болған кәсіпкер ұсталды

737

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылордада түзеу мекемесіне 200 дана трамадол алып кірмек болған кәсіпкер ұсталды.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінің өндірістік аймағына өту мақсатында келген жұмыс берушіні мекеме қызметкерлері жеке тексеру барысында қос аяқкиімінің ішінен белгісіз зат табылды.

«Оқиға мекеме басшысына баяндалып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақырылды. Кәсіпкерден табылған зат ақ түсті полиэтилен пакетке оралған 200 дана трамадол екені анықталды. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің  297-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<