Қызылорда облысы Тасбөгет кентінде тұрғын үй гаражында болған өрттен жеңіл автокөлік толығымен жанып, 46 жастағы азамат дене күйігі жарақатымен ауруханаға жатқызылды.
Оқиға 12 сәуірде сағат 16.57- де Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі тұрғын үйдің ауласында болған.
Тұрғын үйге жапсарлас салынған монша мен гараж жанған. Салдарынан гараж ішіндегі «Нива» маркалы жеңіл автокөлігі толығымен жанған. Өрт сағат 17.38-де толық сөндірілді. Өрт салдарынан 1978 жылы азамат дене күйігі жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінен, Апаттар медицинасы орталығының филиалынан, жергілікті полиция қызметі басқармасы, Қызылорда электр торабын тарату мекемесінен мамандар жұмыс атқарды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<