Қызылордада ұрлық жасаған азамат бейнебақылау камерасына түсіп қалды

402

0

Қызылордада ұрлық жасаған азамат бейнебақылау камерасына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасына 66 жастағы қала тұрғыны ұрлық дерегі бойынша арызданған. Оқиға 22 шілдеде, күндізгі уақытта болған. Белгісіз азамат оның жеке үйінің аумағына кіріп, Steels велосипедін ұрлап кеткен. Күдіктінің әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде “ізін суытпай” бұрын сотты болған 47 жастағы тұрғын ұсталды. Ұрланған мүлік өз иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру əрекеттері жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<