Қызылордада ұрлық жасаған күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалды

465

0

Фото: Полиция департаменті

30 қаңтар күні Қызылорда қаласының аумағындағы дүкендердің бірінде орын алған ұялы телефон ұрлығы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Ұрлық дерегі бойынша облыс тұрғыны Қызылорда қалалық Полиция басқармасына арызданған. Арыз негізінде жедел – іздестіру шаралары ұйымдастырылып, нәтижесінде ізін суытпай ұрлық қылмысына күдіктелген 52 жастағы азаматша анықталып, ұсталды.

Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру əрекеттері жүргізілуде. Ұрланған ұялы телефон өз иесіне қайтарылып, облыс тұрғыны полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<