Астана қаласының тұрғыны М.Талғатова мен қызылордалық Т.Бурикулова есімді азаматшалар 2023 жылдың маусым айынан, 2024 жылдың тамыз айы аралығында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған, деп хабарлады Syrboyi.kz.
Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің хабарлауынша, ойын бизнесін «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «@make_madikow» парақшасы арқылы лицензиясыз жүзеге асырып, нәтижесінде 27 473 328 теңге аса iрi мөлшерде табыс тауып келген.
Сот үкімімен М.Талғатова мен Т.Бурикулова Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 307-бабының 3-бөлігінің 2) тармағының талабына сәйкес кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде сотталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<