Қызылордалық полицейлер зейнеткерді тонап кеткен күдіктіні ұстады. Бұл бағытта Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жедел уәкілдері жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
Нәтижесінде 64 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті ұсталды.
«Қала аумағындағы сауда орталығының алдында тұрған дүңгіршектен 30 жастағы азамат сауда жасаған. Артынша терезесін сындырып кассада тұрған ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<