Конституция күні қарсаңында Қызылорда облысы Полиция департаменті Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің жас полиция қызметкерлері аудандық тарихи-өлкетану музейінде болып, «Киелі Жаңақорған өңірінің тарихы мен шежіресі» атты музей залдарына тақырыптық экскурсия жасады.
Тарихи-өлкетану музейі – өлкенің мәдени дәстүрі мен бай тарихи мұрасын сақтаушы және рухани – идеологиялық тәрбие беретін орын. Мәдени ошақтың қоры да құнды, тарихи жәдігерлерге өте бай.
Жас полицейлерге музейдегі этнографиялық жәдігерлер көрсетіліп, экспозиция залдары таныстырылды.
Өткеннің өнегелі жолымен танысқан жас сақшылар бұл экскурсиядан рухани әсер алып, мұндай іс-шаралар олардың патриоттық сезімін арттыруға үлкен үлес қосатынын атап өтті.






