Қызылордада әлеуметтік желі арқылы әйел адамға жала жауып абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген тұрғын айыппұл төлейтін болды.
Азаматша Д. әлеуметтік желі арқылы әйел кісіге жала жауып, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiрген. Әлеуметтік желіде пікір жазып, оны жалпы көрілімге шығарып жариялаған.
— Сот отырысында азаматша өз кінәсін мойындап, пікір жазғанын растады. Оның әрекеті полиция қызметкерлерінің баянаттарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, түсініктеме, сот психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысы және басқа да іс бойынша құжаттармен дәлелденді. Бұл бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік көзделген. Онда көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату жағдайы көрсетілген. Жала жапқан азаматша кінәлі деп танылып, оған 465 192 теңге айыппұл салынды, — деп мәлім етті Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотынан.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда тұрғынының жалған сенімхат арқылы мекеме қаражатын жымқырғаны анықталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<