Қызылорда облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 3 дерегін анықтады. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Құқықбұзушылықтар аудандар мен облыс орталығында тіркелді.
– Құм, қиыршық тас, саз балшық, тағы басқа инертті материалдарды заңсыз өндіру және тасымалдау фактілеріне ерекше назар аударылды. Іс-шаралар барысында Қызылорда қаласының маңында қиыршық тас пен құмды заңсыз алып кетпек болған 2 жүк көлігі ұсталды. Аталған заңбұзушылықтар бойынша жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін облыстық экология департаменті мен көліктік бақылау инспекциясына жолданды, – делінген хабарламада.
Қызылорда полициясы азаматтарды жер қойнауын заңсыз пайдалану, оның ішінде инертті материалдарды заңсыз өндіру және әкету фактілері туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркістан облысында 221 жер қойнауын пайдаланушының тек 98-і ғана ресми рәсімделген.






