Қызылордада жолаушылар мінген қоғамдық көлік апатқа ұшырады

1192

0

Фото: Азаттық-Ньюс

Жүк тиелген «Газель» жолаушылар мінген автобусқа соққан. Кесірінен «Газельден» өрт шыққан, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жол апаты түскі уақытта Бұхарбай батыр және Жалаңтөс Баһадүр көшелерінің қиылысында болған. №17 бағытта қатынайтын автобусқа сыра бөшкілері тиелген «Газель» келіп соққан. Сол сәтте жүк көлігі өртене бастаған. Құтқарушылар автобустағы жолаушылар зардап шекпегенін айтады. Ал «Газель» жүргізушісі басынан жарақат алып, аурухана жеткізілген. Сондай-ақ жол апаты кезінде тұтанған тілсіз жауды толық сөндірдік дейді өрт сөндіру қызметінің өкілдері.

– «ГАЗЕЛЬ» маркалы көлігінің қозғалтқыш бөлігі және кабинасы толық жанғаны анықталды. Өрт 13: 58 минутта толық сөндірілді. Қазіргі таңда «ГАЗЕЛЬ» макалы жүк көлігі жүргізушісінің басы жарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды. – деп мәлімдеді ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<