Қызылорда облысында жылқы малына соққан көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Арал ауданына қарасты Қамбаш елді мекенінің тұсында болды. «Audi» маркалы көлік иесі «Батыс Европа-Батыс Қытай» тас жолының бойында жылқы малына соқты. Көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Көлік ішінде болған жолаушылар түрлі дене жарақатымен Арал аудандық ауруханасына жеткізілген.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, қорытындылары күтілуде. Жылқының иесін анықтау мақсатында тиісті сала қызметкерлеріне тапсырма берілді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<