Қызылордадағы мектепте өрт сөндіруші Асқар Забикуллин атындағы кадет сыныбы ашылды

315

0

Фото: 101 мектеп-лицей

Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің ерлігін жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейде арнайы кадет сыныбы ашылды.

Асқар Забикулин Астана қаласында түгел жанып жатқан пәтер ішінде қалған әжесі мен немересін құтқарып, көрші пәтерден он жасар баланы аман алып шыққан ержүрек батыр.

Ұлықтау шарасына қалалық білім бөлімінің бас маманы Күнқожаев Самат Алашбайұлы, Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Ибрагим Нұрсұлтан Жаңабайұлы қатысты. Осындай ізгі де қастерлі қасиет ердің ерінде ғана болары анық десек, сондай ерлік үлгісін көрсеткен өрт сөндіруші І дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Асқар Забикулин ерлігі әрбір қазақстандықтың жүрегінде мәңгі сақталары анық.

Азаматтыққа тән айбын, ерге тән ерлік көрсетудің жасампаз үлгісін көрсеткен қаһарманның ерлігі мәңгі қазақ елінің жүрегінде сақталып, оның жасаған ерлігі әрбір елін сүйген жастар үшін өнегелі ерлік жолы болып қала бермек.

Мектеп оқушыларын ерте жастан Отансүйгіштік пен патриоттыққа, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ашылған бұл кадет сыныбынан да қазақтың ержүрек ұлдары мен батыр қыздары шығатынына күмәніміз жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<