Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін Қызылорда облысындағы оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі неге әлі аяқталмай жатқанын түсіндірді.
- Қызылорда облысындағы жағдай бойынша айтсақ, бірнеше үкім шықты. Әріптесімнің айтқанына келсек, иә, тағы екі қылмыстық іс өндірісте бар. Бұл жағдай аяғына дейін тексеріліп, пысықталады. Қылмыстық істі тергеуді аяғына дейін жеткіземіз, – деді ол.
Бұған дейін Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу оқиғасы бойынша 9 адамға сот үкімі шыққан болатын.
Оның алдында жасөспірім қызды есірткі тұтынуға көндірген адам сотталған еді.






