Қызылорда облысында тұрғын үйде табиғи газдың іркілісінен жарылыс болды.
Оқиға 19 қазанда сағат 22:44-те Қазалы қаласындағы Алтынсарин көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйдің кіреберіс бөлігінде тіркелген. Ол табиғи газдың ағуы салдарынан өртсіз және бұзылусыз болған.
«Оқиға салдарынан екі адамды күйік шалды. 1989 жылғы азаматтың басы мен оң қолы күйіп қалған. Ал, 1987 жылғы азаматтың басы, қолы мен денесі күйіктен жарақаттанды. Жарақат алған азаматтар жедел жәрдем мамандарына тапсырылып, ауруханаға жеткізілді», – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Ведомство мәліметінше, оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінен 4 қызметкер және 1 техника барды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<