А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында «Қоныс аудару» бағдарламасы бойынша Солтүстік өңірлерден келген жұмыс тобының қатысуымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Қарағанды облыстарының жұмыс берушілері тарапынан 3 000-ға жуық бос жұмыс орындары ұсынылып, қоныс аударуға ниетті 100-ге жуық отбасымен сұхбат жүргізілді.
Сонымен қатар, қала бойынша 24 мекемеден 160 бос жұмыс орны және жастар тәжірибесі бойынша 9 мекемеден 80 жұмыс орны ұсынылды.
Алдағы аптаның ішінде калаға карасты кент, ауылдық округтерде түсіндірме жұмыстары жалғасын табады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<