Қызылордадан алғаш рет туристер легі Анталья қаласына тікелей ұшты

362

0

Фото: «Fly Arystan» әуе компаниясы

Өңірімізде алғаш рет «Fly Arystan» әуе компаниясының Қызылорда-Анталья-Қызылорда тікелей рейсі қолданысқа енгізіліп, облыс тұрғындарының саяхаттауына үлкен мүмкіндік ашылды.

Алғашқы рейспен 180 саяхаттаушы толық борт ұшты. Жалпы ұшу уақыты 4 жарым сағатты құрайтын бұл рейс, аптасына тұрақты бір рет ұшатын болады.

Өз кезегінде, бұндай рейстермен өңірімізге шетелден келетін туристер саны артып, ішкі және сыртқы туризмнің дамуына үслесі зор болары анық.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<