1907 жылдан бастау алған, аты аңызға айналған ретро автокөліктер раллиі Ұлы Қытай қорғанынан басталып, Париж қаласында өз мәресіне жетеді.
73 ретро автокөліктен тұратын ралли 14 500 шақырымды құрайтын маршрут Қытай, Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Грекия, Сан-Мариноны, Италия және Франция мемлекеттерін қамтиды.
Халықаралаық «Батыс-Еуропа – Батыс-Қытай» автодәлізінің облысымыздың 812 шақырымынан өтетін ралли бағыты өңіріміздің көрікті жерлерін, табиғатын көрсетуге және жергілікті мәдениетімен танысуға үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Сонымен қатар, іс-шара барысында Арал ауданындағы Ақеспе ыстық су бұлағы жанынан кемпинг құрастырылып, басында 1 күн түнеу жоспарлануда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<