Қызылордалық азаматтан 41 түп сора өсімдігі тәркіленді

839

0

«Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қармақшы ауданында өз үйінің ауласында сора өсімдігін өсірген Жосалы кентінің тұрғыны ұсталды.

«Үй ауласынан 41 түп сора өсімдігі, 2 литр банкіге салынған өзіне тән ерекше иісі бар шөп және пластмас қорабына салынған кептірілген сора өсімдігіне ұқсас жапырақтары заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Сараптаманың қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 33 кг 747 гр сора өсімдігіне жататындығын бекіткен», – деп мәлімдеді ІІМ-нен.

Күдікті азамат УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<