Қызылордалық балықшы көлде қайығы аударылып, мерт болды

458

0

Қызылорда облысында балық аулау кезінде ағаш қайығы көлде аударылған 61 жастағы тұрғын қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 24 наурызда Қармақшы ауданында болды. Көлге балық аулауға барған 1962 жылы туған азаматтың қайығы аударылып, суға батып кеткен.

«Бұл жөнінде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына хабарлама түсті. Онда Қуаңдария ауылындағы Жетікөл көлінде балық аулау кезінде ағаш қайығы аударылып, оқиға салдарынан 1962 жылы туған азаматтың суға батып кеткені айтылған. Марқұмның денесін жергілікті тұрғындар өз күшімен судан шығарып алған. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті, аудандық полиция бөлімінің мамандары тиісті жұмыстар жасады», – деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<