Республика күні қарсаңында Қызылорда қаласында орналасқан «Мансап» мектебінің оқушылары арнайы сайт жасап шықты.
Үш тілде ақпарат алуға мүмкіндік беретін сайтта Сыр еліне келген қонақтар үшін Қызылорданың тарихы, тарихи жерлері, көне мәдениеті мен ескерткіштері туралы ақпарат орналастырылған.
Заманға сай көркемделген сайтта «Қала тарихы», «Ең жақсы орындар» және «Бағыт» тақырыбында бөлімдер қарастырылған.
Ендігі кезекте оқушылар жетекші мұғалімдерімен бірлесіп Қызылорда өңіріне келген қонақтарға арнап Гид жұмысын қолға алмақшы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<