Қазіргі таңда Түркістан облысында көкпардан әлем чемпионаты өтуде. Бұл дүбірлі додаға 9 елдің, атап айтқанда Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Моңғолия, Қытай, Түркия, Венгрия және Қазақстан құрама командалары қатысып жатыр.
Тоғыз жылдан кейін қайта жаңғырған халықаралық жарыста жерлесіміз Медетбек Балғынбек өңір тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатында бақ сынауда. Айта кетейік, қызылордалық көкпаршы биылдан бастап ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді.

Түркістандағы тарихи доданың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы Тәжікстан құрамасымен тартысты кездесу өткізіп, 8:4 есебімен жеңіске жетті. Ал жарыстың екінші күнінде ұлттық құрама өкілдері Қытай құрама командасын 9:6 есебімен ұтты.
Айта кетейік, көкпардан әлем чемпионаты 21 наурызға дейін жалғасады. Қызылордалық спортшымызға сәттілік тілейміз!
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы






