Қызылордалық полицей әлем чемпионы атанды

382

0

Грузия астанасы Тбилиси қаласында қазан айының 26-31 аралығында жекпе – жектен Әлем чемпионаты өтті.

20-дан астам мемлекеттен 800-ден аса спортшы қатысқан әлемдік деңгейдегі сайысқа Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкері полиция аға лейтенанты Аманқосов Нұршат 85 кг салмақта қатысып, бағын сынады.

Тартысты өткен әлемдік додада Молдова, Өзбекстан және Украина елдерінен келген қарсыластарын жеңген Нұршат тарихи жеңіске қол жеткізді.

Еліміздің намысын қорғаған әріптесімізді кезекті жеңісімен құттықтап, ел мүддесі жолындағы қызметіне сәттілік тілейміз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<