Қызылордалық полицейден жарқын жеңіс

5

0

Фото: Qyzylorda PD

2026 жылғы 26–27 наурыз күндері Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Кубогы аясында өткен спорттық жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 500-ден астам спортшы қатысты. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысқа толы өтті. Қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктері мен спорттық дайындықтарын көрсетті.

Аталған додада Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы, полиция аға лейтенанты Сақтағанов Еңбек жоғары нәтижеге қол жеткізіп, айқын басымдықпен алтын медальді иеленді.

Ол жарыс барысында үздік спортшылардың бірі ретінде танылып, өзінің кәсіби және спорттық шеберлігінің жоғары деңгейде екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жеңіс — тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар Қызылорда облысының абыройын асқақтатқан маңызды нәтиже.

Құқық қорғау саласының қызметкері ретінде де, спортшы ретінде де үлгі көрсетіп жүрген Еңбек Сақтағановқа алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!