Қызылордалық полицейлер әріптесін құрметті демалысқа шығарып салды

5

0

Фото: полиция департаменті

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 30 жылға жуық уақытын қиын да қауіпті салаға арнаған полиция полковнигі Маштаев Әбілхан Ибрагимұлын зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.

Әбілхан Ибрагимұлы ішкі істер органдарындағы қызметін 1997 жылы Қызылорда ҚІІБ Жедел криминалистикалық бөлімінің криминалисті лауазымынан бастаған. Көптеген ауыр, аса ауыр қылмыстардың, оның ішінде «қасақана кісі өлтіру» фактілерінің де ізін суытпай ашуға үлкен үлесін қосқан.

2016 жылдан Жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы лауазымын атқарып келді.

Ішкі істер органдарында қызмет атқарған жылдары ҚР ІІМ, ОІІД бастығының «Құрмет грамоталарымен», «Үздік криминалист» атағымен, «ҚР ІІМ Үздік қызмет үшін» омыраулық белгісімен, 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін», «Қазақстан полициясына 25 жыл» медальдарымен марапатталған.

Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Досжанов Амангелді Асқарұлы Әбілхан Ибрагимұлына адал қызметі үшін алғысын білдіріп, отбасына амандық, бақ-береке және жаңа жетістіктер тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<