Қызылордалық полицейлер балаларға керемет көңіл –күй сыйлады

160

0

Фото: Qyzylorda PD

Қызылордада «Менің әкем – полиция қызметкері» акциясы өтті. Акция аясында полиция қызметкерлері балаларының арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — отбасылық құндылықтарды дәріптеу, балалардың бойында полиция қызметіне деген құрмет пен сенімді қалыптастыру, сондай-ақ қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тәртіп сақшыларының рөлін арттыру.

Бұл күні жас суретшілер өздерін суретші ретінде қабілеттерін байқап көріп, түрлі-түсті қаламмен асфальтқа сурет салуға мүмкіндік алды. Балалар ғимарат ауласын есте қаларлықтай қызықты суреттермен толтырды. Еліне, жеріне, отбасына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін көрсетіп, «Менің әкем-полиция қызметкері» деп мақтанышпен айтты.

Сурет көрмесіндегі балалардың қолынан шыққан тамаша туындылар көрермендер назарына ұсынылды.

Қызылордалық полицейлер балаларға керемет көңіл –күй сыйлады

Акция барысында балалар құқық қорғау саласының күнделікті тыныс – тіршілігімен танысып, полицейлердің жауапты қызметіне куә болды. Сондай – ақ, оларға қызметтік иттермен жұмыс жасайтын кинологтардын көрсетілімдері ұсынылды.

Сонымен қатар, заманауи техника көрмесі мен оқу қаруымен өткізілген тәжірибелік сабақтар балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Шара барысында балалар тәртіп сақшылары қызметінің қыр – сырын біліп, түрлі сұрақтар қойып, ашық әңгімелесті.

Отанға адал қызмет етуге деген ұмтылысты оятатын бүгінгі шара барысында тәртіп сақшылары балаларға тәттілер таратып, керемет көңіл – күй сыйлады.